Сауат ашуды оқытудың жаңа «Әуенді кесте» технологиясы интеллектуалды интерактивті оқыту бағытында мектепке дейінгі ұйымның ересек және мектепалды дайындық топ, жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды дайындық сыныптарының балаларына арналған.
«Әуенді кесте» технологиясы 2 дана кестеден (оқып үйренеміз), сөйлейтін қаламша, әдістемелік нұсқаулықтан және текшелерден тұрады. Электронды кестемен қаламшаның арнайы халықаралық қауіпсіздік сертификаты бар.
«Оқып үйренеміз» кестелері электронды сөйлейтін «Аққонжық» есімді қаламшамен оқылады. Электронды сөйлейтін қаламның үнін тыңдаған бала дыбыстарды, әріптерді, буындарды тыңдаумен жаттап алады. Кестелерден әріптердің баспа нұсқасын көріп естерінде сақтайды. Ал текшелер арқылы әріптермен буындарды қолымен ұстап, сөздер құрастыру арқылы қабылдау, ойлау қабілеттері артады. Осы кестені, қаламшаны және текшелерді пайдалану,баланың білімді барлық сезім мүшелері арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді. Балалар бұл оқу құралын қолданғанда аса қызығушылық танытып, өз бетінше оқуға ұмтылады.
2014жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінде сараптамадан өтті (№02-2/2362-вн.).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу әдебиеттерінің тізбесіне енді.
Мектепке дейінгі ұйымда дәстүрлі болып қалыптасқан сауат ашуды оқу әдістемелермен салыстырғанда «Әуенді кесте» технологиясы ең заманауи оқыту құралы. Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда бұрын соңды болмаған жаңа отандық қазақ тіліндегі оқыту құралы. |