Орталық жайлы мәлімет
Жекеменшік «Педагог» әдістемелік кеңес орталығы Шымкент қаласында 2010 жылы 15 қарашадан жұмыс жасап келеді.
|
Орталықтың негізін Қазақстан Республикасының «Білім беру
ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин медалінің иегері
пғк Ногайбекова Беріккүл Жұмагуловна қалаған.
|
«Педагог» әдістемелік кеңес орталығының директоры
Ногайбекова Бахытгуль Саматовна.
«Лидер образования» медалінің иегері,
педагогика ғылымдарының магистірі.
«Әуенді кесте» технологиясының авторы
|
 |
«Педагог» әдістемелік кеңес орталығының қызметкерлер құрамы:
Педагогика ғылымдарының кандидаты - 1
Жоғары педагогикалық білімді, жоғары санатты,
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері атағы бар педагог - 2
Техникалық қызметкерлер - 5
«Педагог» әдістемелік кеңес орталығының жасайтын қызмет түрлері:
· Біліктілікті арттыратын курстар өткізу
· тренинг- семинарлар
· Әдістемелік көмекші нұсқаулықтарды дайындау
· Тәрбиешінің жұмыс құжаттарын жасау
· Балабақша жұмысының сараптамасын жасау
Қазіргі таңда орталық Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, ОҚ облыстарына және Астана,
Ақтөбе, Орал, Қарағанды қалаларына іс сапармен шығып, тәжірбие жүзінде
әдістемелік көмек беру жұмыстарын жүргізуде.